Соңғы 3 жылда қазақтың ақбас тұқымды ірі қара саны 1,5 еседен астамға артты - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда қазақтың ақбас тұқымды ірі қара саны 1,5 есеге артып, 217 мың мал басына жетті, деп мәлімдеді бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков қазақтың ақбас тұқымына арналған республикалық палата мүшелерінің жиынында. Бқл туралы primeminister.kz сайтында хабарлады.
None
None

«Ақбас тұқымының жылдан-жылға өсіп келе жатқандығы байқалады. Егер заңнамаға өзгеріс енгізерден бұрын олардың саны 130 мың болса, бүгінгі таңда олар 217 мыңға жетті. Өсім қысқа мерзім ішінде 50 пайызға дейін артып отыр», - деді А.Мамытбеков.

Оның мәліметінше, асыл тұқымды түрлендіруде 600 мыңнан астам саудаға арналған аналық ірі қара мал басы қамтылған.

«Осы мал басы күннен-күнге артып келеді. Егер сыбаға.kz сайтын ашсаңыз, бүгінгі күннің 10 сағаты бойынша мәліметті көресіздер. Онда үнемі сандар өзгеріп тұрады. Соңғы рет кіргенімде 620 мыңға жуық мал басы тіркелген болатын, яғни 620 мың аналық ірі қара мал басы асыл тұқымды бұқалармен жұмыс жасайды. Бұл өнімді мал басын алуға көмектесіп, аналық мал басының сапасын жақсартады. Осылайша, бізде экспорт пайда болып, ішкі нарық толықты», - деп толықтырды ол.

Соңғы жаңалықтар