Соңғы 40 жылда хайуанаттар екі есеге азайып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер бетіндегі хайуанаттардың өсімі соңғы 40 жылда екі есеге азайған. Бұл туралы Халықаралық табиғат қоры мәлімдеді, деп жазады ВВС.
Халықаралық ұйымның мәліметтеріне сүйенсек, сүтқоректі жануарлар бұған дейінгі көрсеткіштен де өте көп мөлшерде азайып кеткен. Ғалымдардың зерттеуінше, хайуанаттардың өсімінің азаю себебі олар мекендейтін аймақтар адамдардың кесірінен бүлініп, азайып барады. Әсіресе, Африкадағы пілдер мен теңіз тасбақалар күрт азайған.