Соңғы 5 жылда Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 27%-ға артты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы тұрғын үйлер Еуропаның дамыған елдеріне қарағанда орташа есеппен үш есе көп энергия тұтынады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Бұл деректі Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының мамандары мәлімдеді. Олар Халықаралық энергетика агенттігінің дерегіне сүйеніп, соңғы 5 жылда Қазақстанда энергия тұтыну көлемі 27%-ға артқанын да жеткізді.

«Барлық факторлар мен тәуекелдерді ескере отырып, қазірдің өзінде энергия ресурстарының тапшылығы туралы ойлана бастауымыз қажет», - дейді институт өкілдері.


Соңғы жаңалықтар