Соңғы 5 жылда маусым айында дәл осындай инфляция болып көрмеген – Ұлттық банк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маусым айында айлық инфляция 1,6 пайызға жеделдеген. Ұлттық банк өкілі Игорь Осиповтың айтуынша, кейінгі 5 жылдың маусым айларында мұндай инфляция болып көрмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ұлтық банктің ақша-кредит саясаты департаменті нақты сектор мониторингі басқармасының бастығы Игорь Осиповтың айтуынша, маусым айында елдегі жылдық инфляция 14,5%-ға (мамырда – 14%) жеделдеген.

Аймақтар арасында Маңғыстау (мамырдағы 15,2%-дан маусымда 17,0%-ға дейін) мен Ақмола облыстарында (13,9%-дан 15,3%-ға дейін) ең жоғары инфляция байқалды.

«Маусым айында азық-түлік бағасының өсу қарқыны 19,2%-ға дейін (мамырда – 19,0%) ұлғайды. Мұндағы ең жоғары өсім Маңғыстау облысында (23,6%) болды. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны 13,2%-ға дейін (мамырда – 11,9%) артты. Ең жоғары мән Нұр-Сұлтан қаласында (16,4%), ал төмен мән – Шымкент қаласында (10,8%) тіркелді. Ақылы қызметтердің бағасы маусымда 9,2%-ға өсті (мамырда – 9,1%), бұл ретте Түркістан облысында жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары (11,4%) болды, ал Атырау облысында айтарлықтай баяу (6,0%) өсті. 2022 жылдың маусым айында елдегі айлық инфляция 1,6% болды. Бұл соңғы 5 жыл ішінде маусым айларындағы инфляцияның орташа мәнінен айтарлықтай жоғары (2017-2021 жылдары: 0,5%) көрсеткіш. Бүкіл өңірде 2022 жылғы маусымда баға орташа тарихи нормасынан жоғары өсті. Айлық инфляцияның айтарлықтай қарқыны Маңғыстау облысында (2,6%) тіркелді», - деп жазылған Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланған түсіндірмеде.


Соңғы жаңалықтар