Соңғы 9 жылда әлеуметтік салаға мемлекеттік бюджеттің шығыстары 6,3 есеге артып, 2 трлн. теңгеге жуықтады

АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Соңғы 9 жылда білімге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамтамасыз ету саласына мемлекеттік бюджеттің шығыстары 6,3 есеге артып, 2 трлн. теңгеге жуықтады.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш мемлекет бюджеті шығыстарының жартысын құрайды, немесе еліміздің жалпы өнімінің 11,6 пайызы. Атап айтқанда 2000 жылдан бастап, әлеуметтік шығыстар өсу үдерісіне ие болып отырғанын және олар аталған уақыттан бастап ешқашан қысқартылмағанын, сондай-ақ қазіргі әлемдік дағдарысқа қарамастан Елбасы әлеуметтік міндеттердің барлығын орындауды тапсырғанын айтып өтті.
Соңғы жаңалықтар