Соңғы американдық әскери бөлім Иракты тастап шықты - ИТАР-ТАСС

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Иракқа басып кіргеннен жеті жылдан кейін соңғы американдық жауынгерлік бөлім елді тастап шықты. Дереккөздердің ақпараты бойынша, АҚШ армиясының екінші жаяу әскер дивизиясы 4-ші бригадасының жеке құрамы мен техникасы бейсенбі күні түнде базаларын тастап, Куәйтке бет алды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
None
None

Армия құрылымының баспасөз хатшысы Кристофер Офрадтың ақпараты бойынша, 4 мың әскери қызметкерден тұратын бригаданың басым бөлігі әмірлікпен арадағы шекарадан өтті. Иракта олардың бірнеше жүз серіктері ғана қалып отыр, олар базаның жиналуымен байланысты бірқатар әкімшілік және техникалық мәселелерді шешулері керек. Олар Бағдадтан бүгін кешке ұшып шығады.

2008 жылдың қараша айында Вашингтон пен Бағдадтың арасында жасалған келісімге сәйкес, американдық әскери жауынгерлік бөлімдер 2010 жылдың тамыз айының 31-іне дейін Иракты тастап шығуы керек. Ал қалған контингент, олар -50 мыңға жуық әскери қызметкерлер, Ирактың қауіпсіздік күштерін үйретуді жалғастырады және оларға жауынгерлік операциялар жүргізуге көмектесетін болады. Дегенмен, бұл бөлімдер де Ирактан 2012 жылға дейін кетулері керек.

Бірақ та, АҚШ-тың ресми өкілдері, Ирак тарабының өтініші бойынша бұл мерзімнің өзгертілуі мүмкін екенін нақтылауда.

4-ші бригада кеткеннен кейін елде 56 мыңдай американдық жауынгер ғана қалады.

Соңғы жаңалықтар