Соңғы аптада Астанада заңсыз есірткі айналымынан 36 келі әр түрлі есірткі заттары алынған - ІІД
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Соңғы аптада Астанада заңсыз есірткі айналымынан 36 келі әр түрлі есірткі заттары алынған. Бұл туралы бүгін брифингте Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Допинг» жедел-алдын алу шарасын өткізу кезінде қала аумағында заңсыз есірткі айналымына қатысты 3 қылмыс тіркелді, оның 1 фактісі есірткі сату. Сонымен қатар 9 әкімшілік материал жасалды.
«Олардың ішінде заңсыз есірткі айналымы - 36 килограмм 714 грамм әр түрлі есірткі құралдары, оның 2,56 грамы - «героин»,- деді Н. Ораз.
«Героин» затын ІІД-нің ЕБҚКБ қызметкерлері 11 желтоқсан күні 32 жастағы әйелдің жеке заттарын тексеру кезінде тауып алды.