Соңғы аптада республикада ұйымдасқан қылмысқа байланысты 14 қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. Қазанның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Соңғы аптада республикада ұйымдасқан қылмысқа байланысты 14 қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ қылмыстық ортаның бір жетекшісі, қылмыстық топтың 2 мүшесі ұсталды. Бұл туралы бүгін брифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер қылмыстық әлемде «Тышқан» лақап атымен белгілі ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді жетекшісін ұстады. Одан нөмірі өзгертілген «ТТ» тапаншасы мен 6 оқ тәркіленді.