Соңғы бес жылда Қазақстанда адам саудасының 600-ге жуық құрбаны анықталған

Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Көші-қон полициясы комитеті, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Бас прокурор атап өткендей, адам саудасы қоғамдық қауіптің жоғары деңгейіне ие болып отырған қазіргі кезде өткір мәселелерінің бірі болып отыр. Статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, соңғы бес жыл ішінде Қазақстанда адам саудасының 600-ге жуық құрбаны анықталған. Құқық қорғау органдары адам саудасымен байланысты 1,5 мыңға жуық қылмыс анықтады, 800-ден астам адам сотталды. Жыл сайын осы санаттағы 300-ге жуық қылмыс тіркеледі.
Асхат Дауылбаев атап көрсеткендей, атқарылып отырған жұмыстың тиімділігі жеткіліксіз, адам саудасы фактілерін анықтау, ескерту және жолын кесу, қылмыс құрбандарымен жұмыс тәсілдерін өзгерту қажет.
Үйлестіру Кеңесінің мүшелері осы саладағы қалыптасқан жағдайды талдады, мүдделі мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын арттыру, адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, қылмыс құрбандарына көмек көрсетудің тиімді тетіктерін жасау, тұтастай алғанда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасады.
А.Дауылбаев адам саудасымен байланысты қылмыстардың профилактикасын күшейту аясында еңбек және өзге салалардағы қанауға түсу қауіптілігі туралы халықты кеңінен ақпараттандыру жолымен ақпараттық-насихаттық жұмыстың белсенділігін арттыруды тапсырды. Сондай-ақ ол барлық ұялы байланыс операторлары үшін күні-түні тегін жұмыс істейтін «11616» сенім телефонының жұмысын жолға қоюды тапсырды.
Жиналысқа қатысушылар құқық қорғау органдарының адам саудасына тосқауыл қою саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдың белсенділігін арттыру маңыздылығын атап көрсетті. Атап айтқанда, Халықаралық көші-қон ұйымымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу қажеттілігі туралы мәселе талқыланды. Адам саудасының құрбандарына арналған қоғамдық ұйымдар мен баспаналарға қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге облыс әкімдерінің назары аударылды.
Сондай-ақ, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Достастық елдерінің құзіретті органдарымен заңсыз адам трафигіне қатысты әрекет етуші қылмыстық топтар туралы ақпарат алмасу және тәжірибелік өзара іс-қимыл жасасуды жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылдау, бірлескен жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шаралар өткізуді кеңінен қолдану ұсынылды.