12:14, 21 Қараша 2014 | GMT +5
Соңғы бес жылда Қазақстанның электр энергетикасына 700 млрд. теңге инвестиция тартылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шектi тарифтердi енгiзудiң арқасында соңғы бес жылда Қазақстанның электр энергетикасына 700 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгiн Астанада ҚР Энергетика вице-министрi Бақытжан Жақсалиев мәлiм еттi.

«Бiз нарықтық жағыдайда өмiр сүрудемiз. Сондықтан бiз кәсiпорындарға жаңа инновациялық технологияларды өндiрiске енгiзу үшiн оларға талап қойып қана қоймай, ынталандыру тетiктерiн қолдану қажет. Энергетиканы дамыту саясатымыз осындай болмақ», - дедi ол.
Вице-министрдiң сөзiне қарағанда, сондай ынталандырушы тетiктердiң бiрi шектi тарифтердiң енгiзiлуi болды.
«Аталмыш тарифтердi қолданған бес жылда жыл сайынғы электрэнергетикасына бағытталып отырған инвестиция көлемi 5 есе өстi және 700 млрд. теңгеге жеттi», - дедi Б. Жақсалиев.