Соңғы бес жылда мас күйде жасалған қылмыстар саны екі еседен асқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде соңғы бес жылда ішімдікке масайған күйде жасалған қылмыстар саны екі еседен асып отыр және бұл 13 мыңнан астам фактіні құрайды.

Соңғы бес жылда мас күйде жасалған қылмыстар саны екі еседен асқан

Бұл туралы бүгін этил спирті мен алкоголь өнімдерінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуге арналған заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды. Еске салсақ, заң жобасының тұсауы Парламент Мәжілісінде кесілген болатын.

Заң жобасын әзірлеген ҚР Қаржы министрлігінің ұсынған мәліметтеріне қарағанда, соңғы бес жылда кісі өлтірудің 3,2 мың фактісі ішімдік ішіп, мас күйінде жасалған. Бұдан бөлек, автокөліктерді мас күйінде басқарған 330 мыңнан астам жүргізуші ұсталды. Ал осындай рульге мас күйінде отырған жүргізушілер кінәсінен 1,8 мың жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 494 адам қаза болды. Әртүрлі дәрежедегі жарақат алғандар саны 2,5 мың адамға жетіпті.