Соңғы екі күн ішінде Алматы - Ташкент күре жолында болған көлік апаттары 6 адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Қарашаның 15-і күні Жамбыл облысында орын алған көлік апатынан үш адам көз жұмды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға кешкі 20.30 шамасында Жуалы ауданындағы Алматы - Ташкент күре жолында болған. «Ауди» және «Фольксваген» автокөліктерінің соқтығысуынан «Ауди» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы және «Фольксваген» жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Жеті адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Кеше аталмыш облыстың Жамбыл ауданындағы осы Алматы - Ташкент күре жолында тағы үш адам опат болды. «Мерседес» көлігі үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен.