Соңғы екі жылда 88 мың адам коронавирус пневмониясымен ауырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмония туралы соңғы ақпаратты жариялады.

Соңғы екі жылда 88 мың адам коронавирус пневмониясымен ауырған

Оған сәйкес 19 наурызда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның бір жағдайы тіркелген.

Өлім-жітім болған жоқ.

Оған қоса 17 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бергі статистика: ауырғандар - 88 561, 5350 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 82 154 жетті.