Соңғы мәліметтер бойынша, Италияда зілзала салдарынан 150-ден астам адам опат болды

РИМ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат – Соңғы мәліметтер бойынша, кеше Италияның орталық өңірінде болған зілзала салдарынан 150-ден астам адам опат болған.

Соңғы мәліметтер   бойынша, Италияда  зілзала салдарынан 150-ден  астам адам опат болды
1,5 мыңдай адам жарақат алып, ондаған мың адам баспанасыз қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Skynews агенттігіне сілтеме жасап. Сейсмологтардың ақпаратына қарағанда, бұл Италияда соңғы 30 жылдағы ең қуатты жер сілкінісі болып отыр. Естеріңізге сала кетейік, кеше таңертең Италияның орталық бөлігінде қуатты зілзала орын алған болатын. Кіндігі Римнің солтүстік-шығысына қарай 110 шақырым жердегі Абруцио таулы ауданында орналасқан Л'Акуила қаласында болған зілзаланың күші Рихтер бағамы бойынша 6,3 баллды құраған.