Соңғы он күнде елімізде жол-көлік апатынан 54 адам көз жұмды
АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Соңғы он күнде республикада жол-көлік апатынан 54 адам қайтыс болып, 264 адам жарақат алған.
Бұл туралы бүгін Астанада баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайрат Тыныбеков мәлім етті.
Оның айтуынша, жалпы елімізде мамыр айында 227 ЖКО тіркелген.
«Өкінішке орай, оларда 54 адам қайтыс болып, 264 адам жарақат алған. ЖКО-ның едәуір саны Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында және Алматы қаласында болған»,-деп атап көрсетті Қ. Тыныбеков.