Соңғы он жылда республикада қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болғандар 18,4 пайызға кеміді - Денсаулық сақтау министрі

ТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Соңғы он жылда республикада қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болу - 18,4 пайызға, жаңа пайда болған аурулардан қайтыс болу -15 пайызға жуық, қайғылы оқиғалардың салдарынан өлгендер - 25,6 пайызға және тыныс алу жолдарының ауруларынан көз жұмғандар 33,5 пайызға кеміп отыр.

Соңғы он жылда республикада қан айналымы жүйесінің ауруларынан қайтыс болғандар 18,4 пайызға кеміді - Денсаулық сақтау министрі

Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың төрағалық етуімен өткен Денсаулық сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің XV мәжілісінде Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осындай мәліметтер келтірді.

Министрдің деректерінше, аталған ауру түрлеріне байланысты жағдайдың оңалуына 2010 жылы аяқталған денсаулық сақтау саласын реформалау мен оны дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама тікелей әсер етті. «Ал қазіргі «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының мақсаты - осы көрсеткіштерді әлемдік стандарттарға жеткізу. Бұл бағыттағы жұмыстар атқару билік деңгейлерінің барлығының және денсаулық сақтау саласымен байланысты өзге де құрылымдардың тыңғылықты және тікелей байланыста жұмыс істеуін қажет ететін шара», - деді С.Қайырбекова.

Оның айтуынша, жұқпалы емес аурулардың ішінде қан айналымы жүйесінің аурулары республикада бірінші орында тұр. Бұл аурудан мерт болғандардың 40 пайызы еңбекке жарамды азаматтар. Осы 40 пайыздың жартысынан көбі - ер азаматтар. Қан айналымы жүйесі ауруларынан көз жұмғандар саны еліміздің солтүстік өңірлерінде көптеп орын алуда. «Онкологиялық аурулардың арасында алдыңғы орында Шығыс Қазақстан облысы тұр», - деді министр.