Соңғы онжылдықтағы ең беделді тұлғалар анықталды

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Американдық «Time» басылымы соңғы онжылдықтағы ең беделді тұлғалар рейтингін жасады.
None
None

Бұл туралы Утро.ру хабарлайды.

Интернет пайдаланушылардың дауыс беру нәтижесінде финалға шыққан үздіктер төрт топқа жіктелді - «Ойын-сауық», «Саясат», «Технологиялар» және «Иконалар».

Рейтингке саясаткерлер, спортшылар, атақты актерлер мен әншілер енді. Бірінші орынды Нобель сыйлығының иегері Аун Сан Су Чжи иеленді. 15 жыл үй қамағында отырған әйел Бирмада демократиялық құндылықтарды орнату үшін күресімен әйгілі болған. Бүгінде ол Мьянма парламентінің мүшесі. Ол «№1 икона» деген атаққа ие болды.

Аун Сан Су Чжи әлемде соншалықты танымал еместігіне қарамастан АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама, тележүргізуші Опра Уинфри, Ұлыбритания ханзадасы Уильямның жұбайы Кейт Миддлтон, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг секілді тұлғаларды артқа тастаған.

Екінші орынды әйгілі әнші Леди Гага иеленді. Ол өз кезегінде актер Джордж Клуни, Гарри Поттерді жазған Джоан Роулингпен қоса, АҚШ президенті Барак Обаманың алдын орады.

«Онжылдықтағы ең беделді тұлғалар» рейтингінің финалистері:

«Ойын-сауық» тобы - Леди Гага, Дордж Клуни, Тина Фей, Джоан Роулинг. «Саясат» - Барак Обама, Раш Лимбо, Хиллари Клинтон, Джордж Буш. «Технологиялар» - Марк Цукерберг, Ларри Пейдж, Джимми Уэйлс, Джеф Безос.

«Икона» - Аун Сан Су Чжи, Мишель Обама, Кейт Миддлтон, Опра Уинфри.

Соңғы жаңалықтар