Соңғы шақырымда лидерлер қате бағытпен кетіп, италиялық марафоншы жеңімпаз атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиялық  спортшысы Эйоб Фаниэль Венеция марафонында қарсыластары басқа бағытпен кеткенін сәтті пайдаланып, жеңімпаз  атанды.

Соңғы шақырымда лидерлер қате бағытпен кетіп, италиялық марафоншы жеңімпаз атанды

42 шақырымдық жарыста пелатоннан бөлініп шыққан 7 адамдық көшбасшылар қатарында Фаниэльдің өзі де бар еді. Бірақ соңғы шақырымдарда бақылаушы мотоциклі күтпеген жерден қателесіп, басқа бағытқа қарай бұрылып кетті. Ал оның артында келе жатқан спортшылар да шатасып сол бағытта кете барды, деп жазады sportarena.com.

Бірнеше жүздеген метрді артқа тастап үлгерген желаяқтар қате бағытпен бара жатқанын түсініп, артқа қайтты, бірақ олар уақытты оздырып алған еді.

Фаниэль қате бағытқа бұрылмай, басты бәсекелесі африкалық Мұхаммед Мұсамен жарыс көркін қыздырды. Нәтижесінде Эйоб қарсыластарын екі минут артта қалдырып, спорттық мансабындағы алғашқы ірі жеңісіне қол жеткізді.