Соңғы тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.

Соңғы тәулікте 85 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

Оған сәйкес, 14 наурызда 85 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бес адам пневмонияға шалдықты.

Одан бір күн бұрын - 106, ал оның алдыңғы күні - 86 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.