Соңғы уақытта елімізде ажырасу кезінде баланы әкесімен қалдыру мәселесі көтерілуде - Ұлттық комиссияның отырысы

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - ҚР Жоғарғы сотының мәліметі бойынша, 2009 жылы 52 мыңға жуық ажырасу фактілері болды. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы барысында Еңбек және хылықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті,

Соңғы уақытта елімізде ажырасу кезінде баланы әкесімен қалдыру мәселесі көтерілуде - Ұлттық комиссияның отырысы

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтырдың өзінде 52 мыңға жуық ажырасу фактілері болған. Оның ішінде ең қиын мәселелердің бірі ретінде ата-анасы ажырасу кезінде баланың кіммен қалуы даулы саналады. Меніңше, әрбір жеке жағдайда жекеше қаралуы керек деп ойлаймын. Бір жағдайда бала әкесімен, ал кейбірде, яғни көп жағдайда анасымен болуы тиіс»,-деді министр.

Г. Әбдіхалықованың айтуынша, 2008 жылы ажырасу саны 49 мыңды құраған. Өкінішке қарай бір жылдың ішінде біршама өсім пайда болды.

«Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтау мәселесіне тоқталсақ, 5 жыл бұрын талап ретінде кәмелет жасына толмаған жеткіншектер анасымен қалатын. Ал керісінше қазіргі кезде Атырау облысында басқа үрдіс пайда болуда, яғни әйелдер жағы бала әкесімен қалсын деген мәселені көтеруде. Атап айтқанда, осындай мәселелер бар, көбінесе Астана мен Алматы қалаларындағы жеткіншектердің әкелері бұндай бастамаларды көтеріп жүр»,-деді отырыс кезінде ҚР Жоғарғы сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Алмаз Ташенова.

А. Ташенованың сөзіне қарағанда, осындай істер Жоғарғы сотқа дейін жетіп жатады. «Бұндай фактілер бойынша әкелері белсенді түрде балаларын тәрбилеуге құқылы екенін дәлелдеуге тырысып жатады»,-деді ол.

Бұл тұрғыдағы істер өте күрделі екенін және осы мәселелер бойынша ең алдымен балалардың мүддесін қорғау маңызды саналатынын жеткізген А. Ташенова, кейбір кездерде ата-аналары бір-бірімен есеп айырысып жататынын, ал нәтижесінде бұл даудың салдары балаға ауыр түсетінін айтып өтті.