Соңғы үш жылда Қазақстандағы өсімдік шаруашылығында орташа жылдық өнім 1,2 трлн. теңгені құрады - АШМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда соңғы үш жылда өсімдік шаруашылығының орташа жалпы жылдық өнімі 1,2 трлн. теңгені құрады. Бұл осының алдындағы үш жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлім етті.

Соңғы үш жылда Қазақстандағы өсімдік шаруашылығында орташа жылдық өнім 1,2 трлн. теңгені құрады - АШМ

Министрдің сөзіне қарағанда, өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу өндірісі бойынша - күнбағыс майы 31 мың тоннаға немесе 42 пайызға артты, ал консервіленген жемістер мен көкөністер 10 пайызға артқан.

«Соңғы үш жылда астық, ұн және май дақылдарын экспортқа сатудан шаруалар, тұтастай алғанда, 5,9 млрд. доллар пайда тапты. Бұл - осының алдындағы жылдармен салыстырғанда 10 пайызға жоғары көрсеткіш. Жалпы алғанда мемлекеттік қолдау ауқымын арттыру мен саланы әртараптандыру бағытында қабылданған шаралар және ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу өсімдік шаруашылығының өндіріс көлемін арттыруға, мал шаруашылығының жем-шөп базасын дамытуға септігін тигізді», - деді А. Мамытбеков.