Соңғы үш жылда Қазақстанның зияткерлік меншік құқығы саласындағы көрсеткіші 42 тармаққа жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2011 жылдан бері Қазақстан зияткерлік меншік құқығы саласындағы көрсеткішін 42 тармаққа жақсартты. Бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Берік Имашев осылай мәлім етті.
«Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Зияткерлік меншікке құқықты қорғау» индикаторы бойынша 2011 жылдан бері өзінің көрсеткішін 42 тармаққа жақсартып, 116-шы орыннан 74-ші орынға көтерді. Бұл ретте еліміз Испания, Бразилия, Ресей, Грузия секілді мемлекеттердің алдына шығып отыр. Айта кетерлігі, мұндай көрсеткіш контрафактіні анықтау мен оның алдын алу бойынша қабылданған шешім есебінен қалыптасқан», - деді Б.Имашев.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда жаңа интеграциялық жағдайда жүзеге асып жатқан әкімшілік-құқықтық реформаны есепке алсақ, бұл индикаторларды жақсарту негізінен контрафактімен күрес жөніндегі құқық қорғау органдары тарапынан жасалатын тиімді әрекеттерге тікелей байланысты.
Тоқтала кететін жайт, 1993 жылдан бері Қазақстан Дүниежүзілік Зияткерлік меншік ұйымының қатысушысы болып табылады.