Соңғы үш жылда өрттен 1,5 мыңға жуық адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда өрт салдарынан келген жалпы шығын мөлшері 15,5 млдр. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Астанада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев мәлім етті.
None
None

«Соңғы үш жылда 46 мыңнан астам өрт оқиғалары тіркеліп, оның салдарынан 1,5 мыңға жуық адам ажал құшты, бұның ішінде 174-і балалар. 1776 адам түрлі жарақат алды. Өрт салдарынан келген жалпы шығын мөлшері 15,5 млдр. теңгені құрады. Барлық өрттердің шамамен 70 пайызы тұрғын үй секторларында орын алды және оның үлесіне өрттен қаза болған адамдардың 90 пайызы тиесілі», - деді Баспрокурор. Оның сөзіне қарағанда, екі мыңға жуық өрт өндірістік маңыздағы неысандарда, екі мыңнан астамы адамдар жаппай жиналатын жерлерде орын алды. Алты жарым мыңнан астам көлік құралдары өртенді. Өрттің басым бөлігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Соңғы жаңалықтар