12:54, 09 Қазан 2012 | GMT +5
Соңғы үш жылда тасқынды сулар 28 млрд. теңгеден астам сомаға материалдық шығын келтірді
АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда тасқын судан жалпы материалдық залал 28 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады.

Бұл туралы селекторлық режимдегі Үкімет отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
«2010-2012 жылдары Қазақстанда тасқындардан 146 елді мекен зардап шекті, 5064 үй мен 11 400 саяжай және шаруашылық құрылыстарын су басты. Су басқан аймақтардан 31 мыңнан астам адам көшірілді»,-деді министр.
В. Божконың сөзінше, 107 елді мекенді қардың күрт еруінен, толассыз жаңбырдың салдарынан су басып, кейбір нысандар қирады.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда тасқындардың қауіпті әсері бар аймағында 1,4 млн. астам адам тұрады және бұл аумақта 32 мыңнан астам тұрғын үй қоры, әлеуметтік-мәдени және өндірістік мақсаттағы нысандар орналасқан көрінеді.