Соңғы үш жылда үш облыста 25 мың тонна сыйымдылығы бар астық сақтау қоймалары қайта салынды - АШМ
АСТАНА. 23 шілде. ҚазАқпарат - Соңғы үш жылда еліміздің негізгі астық себуші үш облысында 25 мың тонна сыйымдылығы бар астық сақтау қоймалары қайта салынды. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
Министрлік мәліметтеріне қарағанда, қазіргі күні еліміздің барлық элеваторлары биылғы егін түсімін қабылдау үшін материалдық-техникалық базасына жөндеу жұмыстарын өткізуде. Ал 18 шілдедегі жағдай бойынша 215 лицензияланған элеваторлардың 41-іне тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде астық қабылдау кәсіпорындарының 31 егін орағы уақытында астық қабылдауға дайын болып шықты. Ал 10 кәсіпорын әртүрлі себептермен өздерінің біліктілік талаптарына сай емес екендігін көрсеткен.
«Егіннің түсімін ұқыпты сақтау мақсатында 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта үш негізгі бидай себуші облыстарда жалпы сыйымдылығы 25 мың тоннаны құрайтын қоймалар қайта салынды және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз күшімен сақтауға жарамды жалпы сыйымдылығы 1 140 мың тонна болатын арнайы бейімделген қоймалар салынды. Мысалы, Ақмола облысында бейімделген қоймалар «СХП Новобратское» ЖШС - 3, «Журавлевка» ЖШС - 3, Қостанай облысында «Шуллер Э. Ф.» шаруа қожалығында - 4, Солтүстік Қазақстан облысында «Шатило и К» ЖШС - 2, «Агро-Александровка» ЖШС-1, «Баянтай» ЖШС - 1 қойма салды», - делінген министрлік таратқан баспасөз баянында.