Соңғы жүзжылдықта адамдар ірілене түсті - ғалымдар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар зерттеу жүргізіп соңғы 100 жылда адамдар ұзынырақ әрі толықтау бола түскенін анықтаған. Өмір сүру мерзімі де ұлғайған.
Мамандар атап өткендей, эволюцияның бұған еш қатысы жоқ. Байқалған өзгерістердің барлығы жаңа өмір салтына байланысты, деп хабарлады Myjane.
Медицина мен санитарлық норманың дамуы - өмір сүру мерзімінің ұзаруына әкелді. Артық салмақ - шамадан артық тағамданудың салдары. Сонымен бірге жыныстық даму мерзімі де өзгеріске ұшырады.