Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі фармацевтикалық рыноктың өсуінің жоғары қарқыны байқалады

АНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат -  Бүгін Шымкентте ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысында Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның көшпелі отырысын өткізуде.
None
None

Мемлекеттік комиссияның отырысында бірінші болып елдің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуы аясында фармацевтикалық кешенді дамыту туралы мәселелер қаралды. ҚазАқпарат еліміздегі фармацевтикалық өнеркәсіп туралы деректерді назарларыңызға ұсынады.

Фармацевтикалық саланы дамытудың стратегиялық мақсаты - отандық дәрі-дәрмек құралдарын өндірушілер есебінен 2014 жылы дәрі-дәрмекке деген ішкі қажеттілікті 50 пайызға қамтамасыз ету; республика фармацевтикалық кәсіпорындарда 2014 жылдың аяғына дейін GMP «Тиісті өндірістік практика» халықаралық стандарттарын енгізу.

Қазақстанның фармацевтикалық өнеркәсібі индустрияның дамушы саласы бола отырып, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсақ өндірушілерді қоса алғанда, жалпы жиынтығы 79 кәсіпорын-өндірушілерді құрайды.

5 ең ірі зауыттың үлесіне, ақшалай көріністе, Қазақстандағы шығарылатын барлық дәрі-дәрмектердің 90 пайыздан астамы тиесілі. Отандық кәсіпорындар - «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм БК», «Ромат» ФК, «Нобел АФФ», «Нұр-Май Фарм» ЖШС, Қарағанды фармацевтика зауыты - өндірістің толық циклін қамтығын кәсіпорындар болып табылады.

Он бес жыл ішінде отандық өндірушілердің рыноктағы үлесі 3 пайыздан 10 пайызға дейін өсті. 2005 жылдан 2008 жыл аралығында ішкі фармацевтикалық рыноктың өсуінің жоғары  қарқыны байқалады, бұл еліміздің бүкіл экономикасының өсуіне, халықтың әл-ауқатының артуына негізделген. Ішкі рыноктағы фармацевтикалық препараттарды 2005-2008 жылдарда сату мөлшері 19 пайызды құрады.

Қазақстандағы дәрі-дәрмектердің жиынтық рыногы 6 мыңға жуық атауды құрайды. Табиғи көріністегі импорт көлеміндегі Батыс, Шығыс Еуропа елдері үлесінің ұлғаю үрдісі байқалады. Үндістан мен Қытай өндірушілері үлестерінің өсуі тоқтады, ТМД елдері үлесінің азаюы жалғасуда.

Құндық көріністе дәрі-дәрмек құралдары импортының 68,6 пайызын қамтамасыз ететін елдердің алғашқы ондығына, табиғи көріністегі импорттың 54,5 пайызы Германияға, Францияға, Ресейге, Үндістанға, Венгрияға, Бельгияға, Италияға, Словенияға, Австрияға және АҚШ-қа тиесілі.

Қазақстандағы сатылу көлемі бойынша алғашқы бестікке ас қорыту органдарының және метаболизмнің бұзылуын, микробтарға қарсы, тыныс жүйелері ауруларын, жүрек қан-тамырлары жүйелерін және жыныс гормондарын емдеуге арналған препараттар енеді.

Соңғы жаңалықтар