Sony 1,6 млн. Bravia теледидарын кері алуда

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Sony 1,6 млн. Bravia теледидарын кері алуда. НТВ хабарлауынша, 2007 жылдан бастап осы үлгіні сатып алғандардың барлығына плазмаларын сервистік орталықтарға апарып көрсетулерін сұрайды.

Sony 1,6 млн.  Bravia теледидарын кері алуда

Бұл 2007 жылдан бастап Bravia брендімен шығарылған сегіз үлгіге қатысты болады.
Жарық беру жүйесінде табылған ақаулықтардан әуелі теледидар қатты қызып, артынан түтіндеп, балқып жанатын болған. Рас, мұндай жағдайлар әзірге тек Жапонияда ғана кездесіп отыр. Теледидарлары осындай қауіпке тап болғандарға компания сервис орталықтарына барып, тексертуге, қажет болса тегін жөндетуге ұсыныс жасайды.

Sony - әлемде теледидар шығару жөнінен үшінші орында.