Sony 5 мың адамды жұмыстан босатып, дербес компьютерлерді шығаруды тоқтатады
АСТАНА. ҚазАқпарат. - Sony корпорациясы 50 мың қызметкерді жұмыстан босататыны және 100 млрд иен (шамамен 1 млрд. доллар) шығыстарды қысқартатынын туралы хабарлады. Ұсынылған құрылымдау жоспарында реформаға дербес компьютерлер мен теледидарлар шығаруға маманданған бөлімшелер ілігеді.
Бүгін Sony 2014 жылғы 31 наурызда аяқталатын қаржы жылына өз болжамын өзгертті. 30 млрд иен (300 млн доллар) таза пайданың орнына компания қаржы жылын 110 млрд иен (1,1 млрд. доллар) көлемінде таза шығынмен аяқтауы мүмкін.