Sony компаниясы бөтелкеге салынған ойнатқыш сатып жатыр - ФОТО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sony өзінің атақты W Series Walkman МР3 ойнатқышын су құйылған бөтелге салып сата бастады, деп хабарлайды Лента.ру.
Өнертапқыштар ойнатқышты суы бар бөтелге салып сату арқылы құралдың су өткізбейтін қасиеті барын көрсетпек болған.
Қазір аталмыш құрылғылар Жаңа Зеландияда спорт сарайлары мен бассейндерінде сатылып жатыр. W Series фитнеспен шұғылданғанды жақсы көретін адамдар үшін шығарылған әрі оны суда жүзу кезінде де қолдануға болады.
Sony компаниясының тапсырысы бойынша ойнатқыштың жарнамалық кампаниясы мен қаптамасын DraftFCB жарнама агенттігі әзірлеген. Ал бөтелкедегі судың ішуге жарайтыны я жарамайтыны туралы әзірге белгісіз.
Жалпы, бұған дейін ойнатқыштан бөлек, Sony компаниясы су өткізбейтін смартфон, планшет, фотоаппарат пен «ақылды сағаттар» шығарған болатын. Ұялы телефон мен планшеттерді бір метр тереңдікте су астында жарты сағатқа дейін ұстауға болады.