Sony компаниясы өздігінен басқарылатын автомобиль жасап шығармақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Sony компаниясы өздігінен басқарылатын автомобиль жасап шығармақ.

Sony компаниясы өздігінен басқарылатын  автомобиль жасап шығармақ

Шетелдік БАҚ-тың жазуына қарағанда, компания роботтар құрастырумен айналысатын жапондық ZMP стартап жобасының 2 пайыз акциясын сатып алған. Жобаның жалпы құны 842 мың долларды құрайды. Енді екі компания бірлесіп, өздігінен басқарылатын автомобиль құрастыруды жоспарлап отыр.