Sony компаниясы Швециядағы 1000 қызметкерін жұмыстан шығарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұялы телефондар шығаратын жапондық Sony компаниясы Швецияның оңтүстігінде орналасқан Лунд қаласындағы бөлімшесінде 1000 жұмыс орнын қысқарту туралы жоспарын жариялады.
Бұл туралы khabar.kz хабарлады.
Қазір Лунд қаласындағы Sony зауытында 2200 адам жұмыс істейді. Қаңтар айында компания бүкіл әлем бойынша 2100 қызметкерлерін қысқарту туралы жоспарын жариялаған еді.
Sony компаниясы бизнес әлемінде Apple және Samsung компанияларымен бәсекеге түсуге қабілетсіз болып, шығынға ұшырап отыр.