Sony компаниясының президенті хакерлердің «шабуылына» қарсы тұра білгенін айтып мақтанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Sony корпорациясының президенті Кадзуо Хираи Sony Pictures компаниясының компьютерлеріне хакерлік шабуыл жасалғаннан кейін бірнеше апта өткен соң ғана «Интервью» фильміне қатысты түсінік берді, деп хабарлады ВВС.
None
None

Оның айтуынша, бұл - Интернет тарихындағы кибершабуылдың ең қауіптілерінің бірі. Хираи өз сөзінде компаниясының Интернет қарақшыларға тосқауыл қоя білгенін мақтан етті.

Америкалық арнайы қызметтің болжауынша, компанияға Солтүстік Корея билігінің тапсырысымен «шабуыл» жасалған болуы мүмкін.

Хакерлердің бұл әрекеті ірі халықаралық жанжалға себеп болды. Өзі де күрделі жағдайда тұрған Вашингтон мен Пхеньян арасын одан сайын салқындатып жіберді. АҚШ шабуылдың артында Пхеньян тұрғанын алға тартып, КХДР-ға қарсы санкция енгізді.

Соңғы жаңалықтар