"SONY" корпорациясы 2012 қаржылық жылында 10 мың қызметкерін жұмыстан шығармақ

АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Жапондық "SONY" корпорациясы 2012 қаржылық жылында 10 мың қызметкерін жұмыстан шығарғалы отыр, бұл ондаған елдердегі барлық қызметкерлердің 6 пайызына жуығы құрайды.
None
None

Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап ИТАР-ТАСС хабарлады.

Мұндай шешімді компания ең пессимистік болжамдардан асып түскен үлкен қаржылық ысыраптан кейін қабылдауға мәжбүр болды.  Оның негізгі себептері - теледидарлар өндірісін қайта құрылымдау үшін жұмсалған шығындар мен корпорацияның  көптеген зауыттарының құтын қашырған Жапония мен Таиландтағы дүлей апаттардың салдары болды. Өткен жылы бұрын-соңды болмаған хакерлік шабуылдар кезегі "SONY" үшін тағы бір соққы болды. Олар шығын келтіріп қана қоймай, компанияның беделіне де нұқсан келтірді.

Жапондық "SONY" электроника шығару компаниясының 2011 қаржылық жылындағы операциялық шығындары 95 млрд. иенді құраса, таза шығыны - 220 млрд. иен (сәйкесінше 1,2 млрд және шамамен 2,9 млрд АҚШ доллары) болды.

Соңғы жаңалықтар