Соня Жиенбаева Португалиядағы жарыстың ширек финалына өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, 20 жастағы Соня Жиенбаева жұптық сында Коройос-Сейшал (Португалия) ITF W50 турнирін сәтті бастады.
Қытайлық Хан Шимен бірге жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы алғашқы айналымда чехиялық Габриэла Кнутсон — америкалық Габриэла Вилардың мысын басты.
Кездесу 6:2, 6:1 есебімен қазақстандық-қытайлық жұптың пайдасына шешілді.
Бәсеке 50 минутта аяқталды.
Соня Жиенбаева — Хан Ши жартылай финалға шығу үшін аустралиялықтар Элла Симмонс — Эми Стивенспен таласады.
С.Жиенбаева аталмыш додада жекелей сында да өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдон турнирінде Дамир Жалғасбайдың жеңісті жолын жұптық сында жалғастырғанын жазған едік.
Уимблдон турнирінде қарсыласын ойсырата ұтқан Заңғар Нұрланұлы үшінші айналымға шықты.