17:30, 12 Сәуір 2024 | GMT +5
Соня Жиенбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 1246-ракеткасы, 18 жастағы Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 1001-орында тұрған Аустрия өкілі Мавие Остерейхермен жолықты.
Бірінші партияда Жиенбаева бет қаратпады — 6:1.
Екінші сетте есеп 1:0 болған мезетте қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты.
Соня Жиенбаева финалға шығу үшін словакиялық Каролина Мзариковамен таласады.
Ол ширек финалда отандасы, әлемнің 933-ракеткасы Ирина Балусты қапы қалдырды — 6:3, 6:4.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчында Жапонияның 2:0 есебімен алға шыққанын жазған болатынбыз.