Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

Тараптар екі ел халықтарының тату көршілік және достық негіздегі қазақ-қырғыз қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін нақты айтты.

Сонымен қатар, президенттер алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.

Соңғы жаңалықтар