15:54, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанның үздік медиа-заңгерлерінің есімдерін жариялады
АЛМАТЫ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Сорос-Қазақстан қоры Қазақстанның үздік медиа-заңгерлерінің есімдерін жариялады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Олар - Ганна Красильникова, Сергей Уткин, Ғалия Әбжанова, Валентина Жуковская. Г. Красильникова жеңіп алған істерінің саны бойынша, С. Уткин сөз еркіндігін қорғауда ерекше қажырлылық көрсеткені үшін, Ғ. Әбжанова мемлекеттік тілде жұмыс жасайтын, ал В. Жуковская өз басылымына берілгені үшін үздік БАҚ адвокаты деп танылды.
Жалпы "БАҚ адвокаты" сыйлығы 2009 жылы Сорос-Қазақстан қорының "БАҚ-ты қолдау" бағдарламасы аясында құрылған болатын. Ондағы басты мақсат - БАҚ мәселері бойынша маманданған заңгерлердің жұмысын ынталандыру және оған жас мамандардың назарын аудару.