13:22, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
«SOS Астанадағы балалар кенті» балаларына 30 метрлік торт сыйға тартылды - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында «SOS Астанадағы балалар кентінде» «Қазақстанның ең ұзын торты» әзірленді.

Жыл сайын осы мерекенің қарсаңында «SOS Астанадағы балалар кенті» оған арналған дәстүрлі шараларды өткізеді.
Биылғы жылғы мерекенің басты ерекшелігі - кесіліп, жиналғандарға таратылған «Қазақстанның ең ұзын торты» 30 метрлік тәтті тағам, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінен. Биылғы жылы балалар кентінің қонақтарының арасында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Болашақ» бірлескен қоры, Астана қалалық білім беру басқармасы, ҚР Парламент Мәжілісі, «Астана» спорт кешені және ERG компаниясының өкілдері болды.
Сондай-ақ шараның аясында мерекелік концерт болып өтті.