SOS балалар ауылында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды

  АСТАНА. Қарашаның 26-сы. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін «Бөбек» қорының бастамасымен SOS балалар ауылында «Ризашылық» атты қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Сара Алпысқызының бастауымен елімізде мұндай қайырымдылық мерекесі алғаш рет өтіп отыр. Бұл тек Астанада емес, бүкіл облыстарда, республикамыздың барлық балалар үйлерінде ұйымдастырылуда. Ризашылық күні бүкіл адамдар бір-біріне амандық-саулық, жақсылық тілейді. Сондай-ақ бұл күн ертеңгі Құрбан айттың қарсаңында өтіп жатқандықтан, оның орны бөлек. Сара Алпысқызының атынан әрбір балалар үйіне, балалар ауылына қомақты сыйлықтар тапсырылуда»,  деді ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев. Ведомство басшысы Сара Алпысқызының атынан аталмыш балалар ауылына үй кинотеатры мен караоке тапсырды.

 SOS балалар ауылының тәрбиелеушісі мерекені тойлау барысында бүлдіршіндерге Сара Алпысқызының жолдаған хатын оқып берді. Онда еліміздің бірінші ханымының балаларға деген жылы лебіздері мен тілектері айтылған.

Соңғы жаңалықтар