Сот Арыстанбек Мұхамедиұлын үйқамаққа ауыстырудан бас тартты

«Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Көшенов ауыр қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Сондай-ақ, тергеу судьясының қаулысында сотталушылар бостандықта болған кезде қылмыстық іс бойынша объективті талқылауға кедергі келтіруі немесе соттан жасырынуы мүмкін екені қаралып жатыр. Сонымен қатар, А. Мұхамедиұлының ауруы бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз бола алмайды. Сот Төлеевтің А.Мұхамедиұлына қатысты қамауда ұстау түріндегі таңдалған бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартады», - деді сот залында судья Бағлан Ыдырысов.
Сондай-ақ, судья Көшеновтің бұлтартпау шарасын өзгерту өтінішін де қанағаттандырмай тастады.
Бұған дейін Астанада Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша сот басталғанын жазған едік.
Айта кетейік, іс Байқоңыр аудандық №2 сотында қаралып жатыр.
Еске салсақ, 2022 жылдың 28 мамырында сот санкциясымен Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы қамалған болатын.