СОТ: Астанада KFC компаниясынан 5 млн. теңге бопсаламақ болған іске қатысты алғашқы тыңдау өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ өнімдердің бүлінгені жайлы жалған ақпарат таратып, KFC компаниясын бопсалауға тырысқан адамды ұстауға және жауапкершілікке тартуға жәрдемдесті. Бұл туралы компаниядан хабарлады.
None
None

2014 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының аумағында «KFC» сауда белгісінің иегері «Caspian International Restaurants Company» (CIRC) компаниясының атына электрондық түрде бүркеншік хат түсті, онда егер компания 5 000 000 теңге көлемінде «өтемақы» төлемесе, «KFC» өнімінде құрт бар екендігі туралы ақпаратты таратып жіберетіні жайлы айтып, бопсалаған.

Хатты алып компания басшылығы ҚР ІІМ-ге аталған факті бойынша шара қабылдау шағымымен жүгінеді.

ІІМ қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін 2014 жылғы желтоқсанда бопсаланған ақшалай қаражатты алып жатқан үстінде 1982 жылғы азаматша С-ны ұстайды.

Астана қаласы ІІД Тергеу басқармасы азаматша С-ны ҚР ҚК 181-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін айыптады. Есіл аудандық соты азаматша С-ны 2 ай мерзімге тұтқындауға санкция берді.

12 қаңтарда сағат 15:00-де Астана қ. Мамандандырылған ауданаралық соты аталған қылмыс бойынша бірінші тыңдауды тағайындады (Астана қ. Омаров көшесі, 57-үй).

Соңғы жаңалықтар