Сот ауыл шаруашылығы вице-министрін қамауға алуды санкциялады

АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты қылмыстық іс бойынша берілген материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі М. Өмірияевті қамауға алу бұлтартау шарасын санкциялады. Бұл туралы Қаржы полициясы баспасөз қызметі хабарлап отыр.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, М. Өмірияев мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз атану үшін кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталуда.

Өмірияевті Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 21 желтоқсанда өз пәтерінде пара алғаннан кейін ұстады.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Соңғы жаңалықтар