Сот «Азаматтарға арналған үкімет» төрағасы бұрынғы орынбасарының қамауда ұстау мерзімін ұзартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Рашид Аманжоловтың қамауда ұстау мерзімі 20 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«1 шілде күні №2 Есіл аудандық соты Аманжолов Рашид Мәжитұлының қамауда ұстау мерзімін 2017 жылдың 20 қыркүйегіне дейін ұзарту туралы үкім шығарды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.
Еске салайық, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Рашид Аманжолов биыл сәуір айының соңында қамауға алынған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті оны ҚР ҚК 67-бабы 4-тармағы «Аса ірі көлемде пара беру» бойынша айыптауда.