Сот БТА-банктен ақша ұрлаған Поткин ісі бойынша Навальныйды жауапқа алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің Мещанский соты 14 шілдеде оппозиционер Алексей Навальныйды қазақстандық БТА-банкінен ақша ұрлады деп айыпталған ұлтшыл Александр Белов (Поткин) ісі бойынша жауапқа алады.
None
None

«Ертең сотта Навальныйды куәгер ретінде жауапқа алу күтілуде», - деді РИА Новости агенттігіне  Поткин адвокаты Иван Миронов. Навальный қорғау тарапының куәгері ретінде шақыртылды. Адвокаттың сөзіне қарағанда, одан қазақ оппозициясымен әрекеттестігі туралы сұралады.

Миронов түсіндіргендей, Навальный ақша ұрлау ісі бойынша емес, Поткинге экстремизм бойынша тағылған айып бойынша жауапқа алынады.  «Айыптау нұсқасы бойынша, Поткин экстремистік қоғамдастық құрған. Оның мақсаты орыстар мен қазақтар арасында ұлтаралық қақтығысты тудыру», - деп атап өтті адвокат. Оның сөзіне қарағанда, тергеу ол құрған қоғамдастықты Қазақстандағы, кейін Ресейдегі бұқаралық тәртіпсіздікке дайындық деп санайды.

Еске сала кетейік, Поткин 2014 жылы 15 қазанда мәскеулік "Интурист Коломенское" қонақ үйінде БТА-банкі салымшыларынан 5 миллиард доллар ұрлау ісі бойынша ұсталған болатын.

Тергеу пікірінше, 2012 жылдан 2014 жылға дейін ол бір топ тұлғамен «қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыруға бағытталған бірқатар іс-әрекет кестесін құрып, жүзеге асырды».  Сонымен қатар, оған қатысты экстремизм ісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осыған байланысты сот Поткинді үй қамағынан тергеу изоляторына жөнелтті.  

Соңғы жаңалықтар