Сот экс-губернатордың түрмеде үйленуіне рұқсат етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудегі Пресненский ауданының соты Киров облысының бұрынғы губернаторы Никита Белых пен оның қалыңдығы Екатерина Рейферттің тергеу оқшаулағышында некесін қиюға рұқсат етті.
Бұл туралы оның адвокаты Марина Ярош айтты, деп хабарлайды «Интерфакс».
«Судья куә ретінде жауап алудан соң, 5 қыркүйекте Екатеринаға Никита Белыхпен тергеу оқшаулағышында кездесіп, некеге тұруына мүмкіндік береді»,- деді Ярош.
Оның сөзіне қарағанда, «бұл бүгінгі ең жақсы жаңалық».
Бұдан бұрын Белыхты тұтқындаудың жарты жылға созылғандығы хабарланған болатын.
2016 жылғы қарашада Белых тегеу оқшаулағышында жатып, өзінің үйленуге ниеті бар екендігін мәлім еткен еді.