«Сот кабинеті» сервисін жетілдіру үшін сауалнама жүргізілуде - Жоғарғы Сот

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы Соты 4 сәуірден бастап, сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастайды.

Сауалнаманың мақсаты - жүзеге асырылып жатқан реформаларға, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың көзқарасын анықтау.

Сауалнама арқылы соттар жұмысына ақпараттық технологияларды енгізу, сот сатыларының санын қысқарту, кәсібилік, судьялардың әдебі мен мінез-құлық мәдениеті, сот процестерін аудио, бейнетіркеу жүйесінің жұмысы, соттар жұмысының ашықтық деңгейі мен сапасы туралы респонденттердің пікірін білу жоспарланып отыр. Бұған қоса, сот жұмысын жақсарту жөніндегі тың ұсыныстар да күтіледі.

Сауалнамаға Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сот процесіне қатысушылар, сондай-ақ аталған сервиске тіркелген өзге де адамдар респондент ретінде қатыса алады. Сауалнамаға қатысу үшін олар «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуі керек.

Қазіргі таңда 50 мыңнан астам азамат «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің тұтынады. Жоғарғы Сот бұл жобаны 2014 жылы іске қосты.

Соңғы жаңалықтар
telegram