«Сот кабинеті» сервисінде 2 миллионыншы электронды құжатты тіркелді

Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің мәліметінше , аталмыш талап арызды Астана қаласы Есіл аудандық сотына 11 шілдеде Наталья Евгениевна Гаушкина жолдаған.
2016 жылы «Сот кабинеті» арқылы сотқа жіберілген 1 миллионыншы құжат тіркелген. Оны жіберген сервис қолданушысы соттағы ақпараттық технологиялардың танымдылығын арттыру мақсатында марапатталды.
«Сот кабинеті» адвокаттар мен заңды өкілдер жұмыстарының тиімділігін арттырады, ол - азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған құрал. Бұл, ең алдымен, «Сот кабинеті» сервисі сот қызметі бойынша іс-шаралардың сұрақтарына түсініктеме, барлық құжаттарға уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз етеді және оларға нақты анықтама береді.
2017 жылдың 6 айында «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде 521 473 құжат тапсырылған, соның ішінде, 296 681-і талап арыздар, бұл сервиске деген сұраныстың нақты дәлелі болып табылады. Бүгінгі күні электронды түрдегі арыздардың үлесі (талап, бұйрықтық, ерекше, ерекше талаптар) 89,8 %-ды құрайды.
2013 жылы Мемлекет басшысы судьялардың VI съезінде отандық сот жүйесінің алдына соттарда ақпараттық технологиялардың қолдану аясын кеңейту міндетін қойды.
Сонымен, 2014 жылға дейін «Электрондық үкімет порталы» арқылы процестік заңнама тек үш құжатты - талап арыз, сот хаттамасын беру туралы өтініш және хаттамаға ескертуді электронды түрде беру мүмкіндігін қарастырған болатын.
2014 жылы «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі іске қосылды. Бұл жүйе тұрғындарға сотқа 30-дан аса электронды түрде өтініш жіберуге, соның ішінде, талап арыз, апелляциялық, кассациялық шағым және өтінішті, сонымен бірге, оларды қарау барысын қадағалауға мүмкіндік береді.