«Сот кабинетінің» қызметі жанданып келеді

Алдымен, «Сот қабинеті» қызметі қалай жүзеге асады деген мәселеге тоқталсақ. Бүгінгі таңда, Қазақстандағы соттардың барлығы біріңғай элекрондық құжат айналымына толықтай көшті деуге болады. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, біріңғай электрондық құжат айналымы қағазбастылықтан құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге, түрлі шығындарды азайтуға да айтарлықтай септігін тигізуде. Сондай-ақ, құжат айналымының электрондық тәртіпке көшуі мемлекеттік мекемелердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жемқорлықтың алдын-алуда да таптырмас тәсіл. Мәселен, сот жүйесіне үстіміздегі жылы енгізілген «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық қызметі негізінен заңды тұлғаларға арналған. «Сот кабинеті» - сот органдарының сервисіне электронды түрде қолжетімді біртұтас терезе. Сот өндірісінің қызметін жеңілдетуге, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сонымен қатар, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. «Сот кабинеті» қызметін пайдаланушылар талап арыз беру, сот отырысының хаттамасына ескерту келтіру, өтініш, арыз, шағым және электрондық түрдегі өтінімдерді әзірлеу және беру, мемлекеттік алымдарды онлайн түрінде төлеу, деректерді сақтау мен біріктірудің қауіпсіздігі сынды ауқымды жұмыстарды өзіне қолайлы уақытта әрі ыңғайлы жерде жүзеге асырады. Ол үшін ең алдымен мемлекеттік мекеменің қызметкері электрондық сандық кілт алуы керек. Мұндай кілтті ҚР Ұлттық куәландыру орталығы тегін береді. Аталған кілті бар азаматтар еш кедергісіз электрондық құжат айналымына қатыса алады. Яғни, ол ҚР Жоғарғы сотының сайтына кіріп, «Сот кабинетіне» тіркеледі. Арнайы тіркеуден өткенен кейін, төменде көрсетілген қызмет түрлерінің бірін таңдауы тиіс.
Бір қарағанда, бәрі оңай әрі қарапайым болып көрінгенмен, мемлекеттік мекемелер арасындағы біріңғай құжат айналымы көңілдегідей жұмыс істеп тұр деп айта алмаймыз. Мысалы, әкімдіктер мен ішкі істер саласы т.б мемлекеттік мекемелерде қиындықтар байқалады. Көпшілігі біріңғай электрондық құжат айналымы және онымен жұмыс істеу тәртібін әлі меңгеріп үлгермеген. Әсіресе, зейнет жасына жақындаған мемлекеттік қызметкерлерге құжаттарды электрондық түрде жолдау былай тұрсын, компьютерді іске қосудың өзі қиынға соғатыны анық. Осы орайда, электрондық құжат айналымы жөнінен көш бастаған сот жүйесінің қызметкерлері мемлекеттік мекемелер біріңғай электрондық құжат айналымын неғұрлым тездетіп қолға алса, солұрлым тиімді дейді.