Сот кеңселерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Жоғарғы Соты «Сот кеңселерінде іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілдің қолданылуы» тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізді.

Сот кеңселерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы тақырыбында бейнеконференцбайланыс арқылы семинар өткізілді

Семинарға Жоғарғы Соттың судьясы Ғ.Ақ-қуова, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.Испанов, сондай-ақ Жоғарғы Сот аппаратының қызметкерлері, соттардың кеңсе басшылары мен мемлекеттік тілді дамытумен айналысатын мамандары қатысты.

Қатысушылар соттарда мемлекеттік тілдегі іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін және оны қолданудың сапасын арттырудың ағымдағы және перспективалық мәселелерін талқылады.

Семинардың қорытындылары бойынша жергілікті соттар кеңселерінің басшыларына іс қағаздарын жүргізудегі мемлекеттік тілдің қолданылу сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді әрі тиісті ұсынымдар қабылданды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі.